01 сәуір 2014 23:39

Рауан Шаекин Көкпекті суқоймасының иесі емеспін деді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Рауан Шаекин Көкпекті суқоймасының иесіне қатысты әңгімеге өз пікірін білдірді. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Парламент Мәжілісінiң депутаты Көкпекті суқоймасына ешқандай қатысы жоқ екендігін айтты.


Рауан Шаекин Көкпекті суқоймасының иесіне қатысты әңгімеге өз пікірін білдірді. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Парламент Мәжілісінiң депутаты Көкпекті суқоймасына ешқандай қатысы жоқ екендігін айтты.

"Заңнамаға сәйкес меншік иесі мемлекет болып табылады. Әрі мемлекет жарияланған бәйге негізінде бұл тоғанды мүлде басқа адамға – "Табиғат" ЖШС-на берді. Оған менің де, әкемнің де, туыстарымның да ешқандай қатысы жоқ. Балық аулаумен де ешкім айналыспайды", - деді Рауан Шаекин. Әрі республикалық БАҚ-тардың бірінде бүгінде қайғылы оқиғамен аты шыққан суқоймасы әкесіне тиесілі деген ақпараттың шыққандығына таңданып қалғандығын сездірді.

"Айта кетуге тиіспін, менің әкем – зейнеткер, жасы – 82-де. Қазір зейнетте. Ол Свердлов атындағы кеңшардың (қазіргі Көкпекті ауылының) соңғы директоры болған. Бұған мүлде басқа адам қатысты. Бұл тоған көптен бері басқа адамның меншігінде және басқа адамдар пайдалануда. Олар онда балық аулауды ұйымдастырып, жолдама сатады. Бұл барлық жерде сайтта жарияланған. Ал бұл осындай адамның әкесі, оның ұлы сондай адам деп жазу...  ақылға сыймайды деп ойлаймын", - деп депутат өз пікірін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызға қараған түні Көкпекті суқоймасындағы бөгетті су шайып кетіп, аталған елді мекеннің үйлерін топан су басып қалды. Төтенше жағдай салдарынан бес адам қайтыс болып, 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дәрігерлерге тоғыз адам қаралып, олардың алтауы "суық тиген" диагнозбен ауруханаға жатқызылған. Адамдардың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Көкпекті ауылындағы бөгеттің жарылуына себеп ретінде ауа райы факторын атап өткен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети