14 ақпан 2014 10:37

Рельстен шыққан жүк вагоны пойыздарды 6-7 сағатқа кідіртті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ria.ru ©Ria.ru

Ақмола облысында жүк пойызының көмір тиеген вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел мәліметі бойынша. Төтенше оқиға Бурабай ауданында, Бурабай - Жамантұз өткелінің 247-шақырымында болған. "14 ақпан күні сағат 00.35-те Екібастұз - Зауралье (Ресей Федерациясы) бағытындағы №1683 жүк пойызының көмір тиеген бір вагоны рельстен шығып кетті. 14 ақпан, сағат 07.00-дегі мәлімет бойынша №339 Павлодар - Пресногорьковское бағытындағы жолаушылар пойызы 7 сағатқа, №623 Астана - Петропавл - Қызылту бағытындағы жолаушылар пойызы 6 сағатқа кідірді", - делінген министрліктің жедел мәліметінде. Теміржолдағы апатты қалпына келтіруге Көкшетау стансасынан 70 жұмысшысы бар бір пойыз келді. Сонымен бірге, Бурабай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де атсалысты. Еске сала кетейік, өткен аптада Жамбыл облысындағы Шығанақ - Шу теміржол учаскесінде жүк пойызының бос тұрған 15 контейнері құлап қалып, Петропавл - Алматы, Алматы - Жезқазған, Астана - Алматы бағытындағы үш жолаушылар пойызы кестесінен кешіккен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети