Ресей 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындық жұмысын бағалайды

03 Сәуір 2014, 11:39
0
Ресей 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындық жұмысын бағалайды - Фото horde.me сайтынан
Фото horde.me сайтынан
Ресей 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындық жұмысын бағалайды - Фото about.kz сайтынан
Фото about.kz сайтынан
Ресей 2022 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындық жұмысын бағалайды - Фото ru.golos.ua сайтынан
Фото ru.golos.ua сайтынан

Ресейдің Олимпиада комитетінің президенті Александр Жуков 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу жөніндегі бағалау комиссиясынның жетекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халықаралық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қалалардың ішінде Алматы да бар. Бұдан бөлек, Польшаның Краков қаласы, Норвегияның Ослосы, Украинаның Львов қаласы және Қытайдың Бейжің шаһары Ақ Олимпиададан үмітті. Бәйгенің қорытындысы 2015 жылы жазда Малайзия елінде жарияланады. Бұған дейін 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтпек.  

Айта кеткен жөн, Сочи Олимпиадасы кезінде Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко Қытайды қолдайтынын мәлімдеген болатын. Оның себебін ол: "Сочи Олимпиадасына дайындық барысында қытайлық әріптестеріміз бізді үнемі қолдап, көмектесіп отырды. Өз еліндегі Жаңа жыл мерекесіне қарамастан, олар бірнеше күн бұрын келіп, ортақ жұмысқа араласа бастады. Негізі, қытайлықтар өз өтініштерін ерте берген ғой. Сондықтан біз оларды қолдайтынымызды жеткіздік", - деп түсіндірді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай