28 ақпан 2014 17:07

Ресей депутаттары Қазақстан арағына "шүйлікті"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото news.rambler.ru сайтынан Фото news.rambler.ru сайтынан

Кедендік одақ елдерінен Ресейге тасымалданатын алкогольді шектеуге арналған заң жобасы РФ Мемлекеттік думасының қарауына енгізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Прайм" экономикалық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Аталған құжатты Ресейдің алкоголь нарығын реттеу бойынша федералдық агенттігі депутат Виктор Звагельскиймен бірлесіп әзірлеген болатын. Оған сәйкес, Кедендік одақ елдерінен тасымалданатын алкогольдің көлемі адам басына 5 литрге дейін қысқартылып отыр. Бұл норманы бұзғаны үшін 3-5 мың рубль айыппұл салу қарастырылған. В.Звагельскийдің айтуынша, қазіргі кезде арзан әрі заңсыз алкоголь өнімдерінің тасымалына тоқсауыл қою қажет. "Әсіресе, Қазақстанда шығарылған алкогольдің сапасы сын көтермейді. Кей жағдайда ол адам өміріне де қауіпті. Қазақстанмен шектесетін Ресейдің кейбір өңірлерінде ондай арзан арақтың үлесі 67 пайызға дейін жетеді", - дейді ол. Айта кетейік, бұл мәселе Кедендік одақ елдері арасындағы келісілген акциздік саясаттың болмауынан туындады. Бүгінде Ресейде бір литр таза спирттің акциздік ставкасы 400 рубль болса, Қазақстанда ол салықтың мөлшері 3,5 есеге төмен - 109 рубль.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети