20 қараша 2014 15:03

Ресей мен Батыс текетіресі елімізді сақтық шараларын қабылдауға мәжбүрледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Ресей мен Батыс елдері арасындағы текетіреске байланысты дағдарысты ахуал жағдайында Қазақстан сақтық шараларын қабылдауға шешім қабылдағанын атап өтті.

Назарбаевтың айтуынша, оның Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауында экономика өсімін қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға қомақты мемлекеттік қаражат салу жайы қарастырылды. Бұл елдің қаржылық жүйесін нығайтуға мүмкіндік беріп, шағын және орта бизнестің әрі қарай дамуына септігін тигізеді.

"Осы бағыттардың барлығы бойынша іс-қимыл бағдарламаларын белгілеп, қаржы ресурстарын бөлдік. Бұл қадамдарымызды бізбен өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізген әлемдік қаржы институттары қолдап отыр. Салыстырмалы түрде халқының саны аз Қазақстан үшін экономикаға бір мезгілде 20 миллиардтан астам доллар салу айтарлықтай нәтиже беруі тиіс", – деді Қазақстан Президенті.

Президент әлемдік нарық жүйесіндегі қиындықтарға назар аударды, соған байланысты "отандық экономиканы дамыту амалдарын да қайта қараған жөн" екендігін айтты. 

"Біз Қазақстанды индустрияландырудың бірінші кезеңін аяқтадық. Оның барысында пайдалы тәжірибе жинақталды, кәсіпорындар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл ретте белгілі бір табыстарға жеттік деп санаймын. Қазір бағдарлама қайта қаралды, келесі жылдан басталатын екінші бесжылдық инновацияға орайластырылатын болады", – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы экономикалық жағдайлардың да өзгергендігіне, отандық бизнеске соның аясында жұмыс істеуге тура келетініне тоқталды. Ол Қазақстан Еуропалық одақпен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша келіссөздерді аяқтағанын атап өтті. Қазір еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің соңғы сатысында тұр.

Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусьтің экономикалық одағы жұмысын бастайтынын еске салды. "Біздің мақсатымыз тек қана прагматикалық болып саналады, өйткені Ресей – 7,5 шақырым ортақ шекарамыз бар ең басты серіктесіміз. Қазақстан құрлықтың ортасында орналасқандықтан, теңізге шығатын жолы жоқ. Сол себепті де кедендік кедергілерді жоятын, жүктерімізді сыртқы нарықтарға бөгетсіз шығаратын Кеден одағы біз үшін маңызды мәнге ие", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Халықаралық сарапшылар жаһандық экономикадағы соңғы үрдістер, дамыған және дамушы елдер саясатындағы жаңа трендтер жөніндегі пікірлерін ортаға салды, сондай-ақ Қазақстанды индустрияландырудың бірінші кезеңінің қорытындылары мен келесі кезеңінің перспективаларын байыптады.

Олар Қазақстанның халықаралық экономикадағы сын-қатерлерге сай дұрыс жолдар таба алатынына сенім білдірді, өйткені біздің елде қажетті тәжірибе және адам ресурсы бар. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан индустрияландыруды ескерсек, республикамыздың Қытай мен Ресей секілді алып нарықтар ортасында орналасуы келешектегі даму үшін зор мүмкіндіктер ашады.

Жиынға Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев, Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев және бірқатар халықаралық сарапшылар қатысқан. 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети