11 мамыр 2014 21:17

Ресей паштеттерінің Қазақстанда сатылуына тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрацияcы Тengrinews.kz иллюстрацияcы

Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі Ресей паштеттерінің Қазақстанға енуіне тыйым салды. Сондай-ақ аталмыш агенттік Перуден келетін жүзімдерге де шектеу енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  агенттікке сілтеме жасай отырып.


Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі Ресей паштеттерінің Қазақстанға енуіне тыйым салды. Сондай-ақ аталмыш агенттік Перуден келетін жүзімдерге де шектеу енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  агенттікке сілтеме жасай отырып.

"Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі Ресейдің "Орелпродукт"  кәсіпорыны шығаратын сиырдың бауырынан жасалған паштетке Кедендік Одақтың техникалық талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тыйым салды" - делінген арнайы хабарламада.

Ет өнімдерінің жалғандығын анықтау мақсатында жануарлардың тіндерін түрлік сәйкестендіру әдісімен жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама кезінде жоғарыда аталған өнімде шошқаның ДНҚ-сы анықталды.

Сондай-ақ Аталмыш агенттік елімізге Перуден келетін жүзімдерге де құрамында пестицидтердің (арамшөпті, өсімдік зиянкестері мен індеттерін жоятын химиялық препарат) шамадан тыс көп болуына байланысты шектеу енгізді. "Аталған өнім түрі Ресей, Молдаван, Румыния, Ұлыбритания, Бельгия және Германия елдерінен де жеткізілген. Еліміздің аумағына бұл өнім түрінің шамадан тыс жеткізіле бастағанына назар аударған агенттік алдағы уақытта өнімді тұтынуға қатысты халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ еліміздің қайсыбір аймақтарына өнімді енгізуді шектеуді дұрыс деп тауып отыр" - дейді агенттіктің баспасөз хатшылығы. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети