25 ақпан 2015 12:21

Ресейде жұмыс істейтін қазақстандықтарға жәрдемақының барлық түрі төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©posobie-expert.ru ©posobie-expert.ru

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары міндетті әлеуметтік сақтандыру жәрдемақысының барлық түрін алуға құқылы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бухгалтерия Онлайн" порталына сілтеме жасап. Мұндай құқықты Ресей Федерациясы Беларусь пен Армения азаматтарына да беріп отыр.


2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары міндетті әлеуметтік сақтандыру жәрдемақысының барлық түрін алуға құқылы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бухгалтерия Онлайн" порталына сілтеме жасап. Мұндай құқықты Ресей Федерациясы Беларусь пен Армения азаматтарына да беріп отыр.

Порталдың мәліметінше, Ресейдің Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014 жылы 5 желтоқсанда жазылған № 17-1/10/В-8313 хатына сәйкес, бұл үш елдің азаматтары Ресейде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген бірінші күнінен бастап әлеуметтік қорғалған тұлғалар болып есептеледі. Сондықтан олар уақытша еңбекке жарамсыз болып қалса немесе бала туылуына байланысты жәрдемақы алуға құқылы. Айта кетейік, жәрдемақы төлеу кезінде азаматтардың тұрғылықты жағдайы ескерілмейді, яғни олар Ресей аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын болса да жәрдемақы төленеді.

"Министрліктің хатында шетелдіктерді сақтандыру жағдайында оларға уақытша еңбекке жарамсыздық, декреттік және балалардың жәрдемақысын төлеу қарастырылған. Федералдық заңға сәйкес, Ресейге уақытша келгендерге 1,8 пайыздық мөлшерлеме бойынша сақтандыру жарнасын аудару қажет, тек олардың қатарына жоғары білікті мамандар кірмейді. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы егер жұмыс беруші соңғы алты айда сақтандыру жарнасын аударып отырса ғана төленеді. Ал туу бойынша төленетін жәрдемақы жалпы ережеге сәйкес, Ресей аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын шетелдіктерге ғана беріледі", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары үшін әлеуметтік сақтандырудың ерекше шартын жасады. Одаққа мүше елдердің азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне Ресей Федерациясының азаматтарымен бірдей, яғни сақтандыру жарнасы 2,9 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленеді, тек бұл шарт зейнетақы алатындар үшін қарастырылмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети