Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов сенім грамоталардың көшірмелерін табыстады

22 Ақпан 2017, 19:30
0
Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов сенім грамоталардың көшірмелерін табыстады - ҚР СІМ баспасөз қызметі
ҚР СІМ баспасөз қызметі

Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов сенім грамоталардың көшірмелерін табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылғы 22 ақпанда Ресейдегі Қазақстанның Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Статс-хатшысына - Ресей Федерациясының сыртқы істер Министрінің орынбасары Григорий Карасинге сенім грамоталардың көшірмелерін табыстады. Кейін Ресей Федерациясының сыртқы істер Министрі Сергей Лавровпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін, интеграциялық құрылымдар аясындағы екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелердің өзекті мәселелері талқылады", - делінген ведомство жіберген хабарламасында.

Қазақстан елшісі РФ СІМ басшылығына БҰҰ-дағы Ресейдің Тұрақты өкілі Виталий Чуркиннің өліміне байланысты терең көңіл білдіріп және Смоленск алаңындағы Ресей Сыртқы істер министрлігі ғимаратының кіре берістегі естелік орынға гүл қойды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай