08 сәуір 2014 16:53

Ресейге салынған санкция Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне әсер етпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанар Айтжанова. ©Spy.kz Жанар Айтжанова. ©Spy.kz

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуын әлемнің 50 мемлекеті қолдауы тиіс деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Экономикалық интеграция жөніндегі министрі Жанар Айтжановға сілтеме жасап. 


Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуын әлемнің 50 мемлекеті қолдауы тиіс деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Экономикалық интеграция жөніндегі министрі Жанар Айтжановға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бүгінде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үшін Қазақстанның Кеден одағы аясындағы міндеттемелері соған сай болуы шарт. "Мен өзім инвестиция және сауда салалары бойынша жауап беремін. Ал Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру келіссөздері бірнеше сала бойынша жүргізіледі. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін субсидия мәселесі бар. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап береді. Мен болсам, сол субсидияның көлемі бойынша келіссөз жүргіземін. Сол сияқты өнеркәсіп мәселесі де бар. Міне, аталған мәселелер бойынша барлық мемлекеттермен бір келісімге келу керек. Енді биыл келіссөздер бекітіледі деген үміт бар", - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Айтжанова. Министр атап көрсеткендей, қазіргі кезде ауыл шаруашылығына берілетін субсидияның көлемі анықталған жоқ. Сондай-ақ импорттық баж салығының мөлшері әлі де белгісіз болып тұр.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі мәселелер Ресейге салынған санкциялардан туындап отырған жоқ. "Біз 50 мемлекетпен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олардың әрқайсысы тиісті құжаттарға қол қойғанша, келіссөздерді қайтадан бастай алады. Дегенмен, ағымдағы жылы біз барлық келіссөздерді техникалық деңгеде аяқтаймыз деп отырмыз", - дейді Айтжанова. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети