17 маусым 2015 17:47

Ресейлік академиктер Назарбаевты ержүректілігі үшін марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kazembassy.ru © Kazembassy.ru

Ресей экономикалық ғылым институты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Құрмет белгісімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдегі Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.


Ресей экономикалық ғылым институты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Құрмет белгісімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдегі Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.

"Еуразиялық одақтың негізін қалаушылардың бірі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Институт атынан Құрмет белгісін беру мен үшін үлкен мәртебе. Біз қарбалас заманда өмір сүріп жатырмыз. Әлемдік экономикада болып жатқан күрестің қалай аяқталатынын біз білмейміз. Экономикалық процестердің аумақтық трендтерін осы орайда атап өту керек. Ресей мен Қытайдың арасында жатқан Қазақстан деген елді басқару үшін ақылдылық қана емес, ержүректілік те керек. Нұрсұлтан Әбішұлы заманның рухын сезінетін ержүрек адам, оның Қазақстан Республикасын басқарып отырғаны үшін мен қуаныштымын", - деді Экономика институтының директоры Руслан Гринберг Құрмет белгісін Қазақстан Президентіне жолдай отырып.

Ресейдегі Қазақстан елшісі Марат Тәжин Құрмет белгісін қабылдай отырып, ресейлік академикке Қазақстан Республикасы Президентінің еңбегін елеп жатқаны үшін алғыс айтты.

"Нұрсұлтан Әбішұлының экономикалық ғылым мен оның дамуына қосқан үлесін елеп, беріліп жатқан бұл баға үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстанның экономикалық дамуының заманауи моделі Президенттің экономикалық көзқарасы арқасында қалыптасты. Қазақстанның көп жылдар бойы экономикалық деңгейінің жоғары болуы Нұрсұлтан Әбішұлының тәжірибесінің нәтижесі", - деді елші.

Ол РҒА Экономика Институтының Қазақстанмен тығыз байланыста екенін, болашақта да осылай болып қалатынына сенетінін айтты.

Айта кетейік, осы айда Президент Ресей тарапынан үш марапатқа ие болды. 5 маусымда Назарбаевқа Муз-ТВ рәсімінде "Өмірге қосқан үлесі үшін" жүлдесі берілді. 8 маусымда Ресей президенті Владимир Путин Назарбаевы Александр Невский орденімен марапаттады.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети