22 ақпан 2018 09:18

Ресеймен шекаралас облыстардағы түлектер көрші елдің ЖОО-ларына ағылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© News.Sevas.com © News.Sevas.com

Ресеймен шекаралас облыстардағы түлектер сол елдің жоғары оқу орындарына кетіп жатыр. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы "Білім" бағыты бойынша комиссия отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ресеймен шекаралас облыстардағы түлектер сол елдің жоғары оқу орындарына кетіп жатыр. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы "Білім" бағыты бойынша комиссия отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2015 жылы бітірушілердің 13 пайызы Ресей асқан. 2016 жылы - 14 пайыз. Былтыр 11 пайызды құрады. Солтүстік Қазақстан түлектердің 25 пайызы, Павлодар облысында - 17 пайыз, Қостанай түлектерінің 16 пайызы Ресей оқу орындарын таңдаған. Шығыс Қазақстаннан 15, Ақтөбе және  Батыс Қазақстаннан - 6 пайыз түлек шетел асты. Ресей жоғары оқу орындары ақпан, наурыз айларынан бастап, өңірлердегі мектептерді аралап, оқушылар арасында емтихан жүргізіп, оларды мектеп бітірмей жатып өз университеттеріне қабылдап қояды. Сондай-ақ онда студенттердің әлеуметтік мәселесі де шешілген. Ал бізде бұл сұрақ өткір күйде тұр. Мәселен, Петропавлда мемлекеттік университеттегі 5000 студенттің бір мыңға жуығына жатақханадан орын жоқ көрінеді.

"Ресей жоғары оқу орындары, біздің қазақстандықтар оларға түссе, жатақханамен қамтамасыз етеді. Олардың бір жақсы жері тағы стипендия мәселесі шешіледі. Студенттердің әлеуметтік жағдайы шешілу арқасында олар көбірек сол жаққа барады", - деді СҚО мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаев.

Мәселені шешу үшін нұротандықтар Білім және ғылым министрлігімен кешенді жоспарды жүзеге асыруда. 2017-18 оқу жылынан бастап кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырмасының көлемі 10 мыңға өсті. 2016 жылдан бастап ҰБТ мен кешенді тесті қайта тапсыруға мүмкіндік берілді. Білім гранттарының саны артуда.

"Елдегі жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында шетелдік ЖОО-нан ауысу үшін, ҰБТ мен кешенді тапсыру міндеті алынып тасталды. Былтыр 15 мыңдай, ал биыл жыл басынан бері 7 мыңға жуық жас туған жеріне оралды", - деді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети