09 қараша 2016 12:23

Республикалық бюджет мұнай бағасына тәуелді - Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев республикалық бюджеттің мұнай бағасы мен доллар бағамына тәуелді екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев республикалық бюджеттің мұнай бағасы мен доллар бағамына тәуелді екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, мұнай бағасы бюджет табысының 45 пайызына әсер етеді.

"Қордан трансферт бөлінген кезде көп мәселе көтеріледі. Мысалы, неге бюджетті жоспарлаған кезде мұнай бағасы ескерілмей қалады. Жұмыстың басында мұнайдың бағасы баррель үшін 46 доллар болды, ал қазір 44 долларды көрсетіп тұр. Яғни, мұнайдың бағасы геосаяси жағдайларға да байланысты өзгереді. Бүгінде үш жылға арналған бюджеттегі қаражат көбінесе мұнай саласындағылардан келіп жатады. Алайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бар: осындай жағдайларға қарамастан әлеуметтік тапсырыстар толықтай орындалуы қажет", - деді ҚР премьер-министрі Мәжіліс отырысында.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бюджет жобасында мұнайдың баррель үшін 35 доллар деп көрсетілгенін айтқан болатын.

Осыған дейін мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ-тағы президент сайлауының фонында құлдырай бастағаны хабарланған болатын. Айта кетейік, тамыз айынан бері осы сорттағы баррель тұңғыш рет 45 доллардан төмен бағаланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети