04 шілде 2019 12:23

Республикалық маңызы бар жолдардың бойында қызмет көрсету сапасы жақсарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліпов пен Baiterek Venture Fund акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Жандар Құтбай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қос компания капиталға Baiterek Venture Fund екінші деңгейлі банктермен бірігіп жүзеге асырылатын жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы аясында жұмыс істеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталмыш бағдарлама екі бағытта жүзеге асырылуда: корпоративтік бизнесті қолдау және шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту. Бағдарлама аясында ШОБ өкілдері үшін, соның ішінде жол бойындағы сервис нысандарын ашуды жоспарлап отырған кәсіпкерлерге қаржыландырудың тиімді шарттары қарастырылған: ол жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8 пайыз құрайтын, қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін 1 миллиард теңгеге инвестиция беру. Қаржыландыру әртүрлі салаға, оның ішінде инфрақұрылым, қызмет көрсету және туризм бағытындағы жобаларға беріледі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ тарапынан кәсіпкерлерге республикалық автожолдардың бойынан қызмет көрсету орындарын ашуға 650 алаң бөлініп отыр. Шағын және орта бизнес өкілдері ұлттық стандартқа сәйкес ол жерлерде А, Б, С және Д санаттары бойынша қызмет көрсетудің барлық бағыты қамтылған үлкен кешеннен бастап, шағын асханаға дейінгі бизнес нысандарды аша алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети