28 қазан 2015 19:48

Республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

29-31 қазан аралығында республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


29-31 қазан аралығында республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, батыстан шығысқа ауысатын циклон жауын-шашын, кей жерлерде тұман, мұзтайғақ және желдің көшеюін туғызады. "31 қазанда антициклонның шығуымен түнгі температура республиканың батысында және солтүстік батысында 3-11 градус нольден төмен, солтүстікте, шығыста және орталықта термометр 0 және 8 градус суықты, оңтүстікте, оңтүстік шығыста 3-8 градусты, кей жерлерде 0-5 градусты, күндіз республиканың солтүстік бөлігінде температуралық фон 0-5 градус болады, оңтүстік бөлікте термометр көрсеткіші 7-15 градусты көрсетеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады. Алдағы қыс, синоптиктердің болжамына қарағанда, өткен жылдың қысымен салыстырғанда көпжылдық климаттық көрсеткіштерге жақын болады, бірақ қаңтар айында нормадан 1-2 градусқа суық.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети