12 желтоқсан 2014 11:40

РФ Бас консулдығымен соттасып жүрген Алматы тұрғыны Путинге хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқтағұл Шәріпов. ©Айбек Сұлтанғазиев Тоқтағұл Шәріпов. ©Айбек Сұлтанғазиев

Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы жалға алған зәулім үйдің қожайыны Тоқтағұл Шәріпов РФ президенті Владимир Путинге хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үй өртеніп кеткен болатын. Ал 2012 жылдың көктемінде заңды күшіне енген өртенген үй үшін 196 миллион теңге шығын өтеу туралы сот шешімі әлі орындалмаған. Шәріпов бұл дауға Путиннің араласуын сұрайды. 


Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы жалға алған зәулім үйдің қожайыны Тоқтағұл Шәріпов РФ президенті Владимир Путинге хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үй өртеніп кеткен болатын. Ал 2012 жылдың көктемінде заңды күшіне енген өртенген үй үшін 196 миллион теңге шығын өтеу туралы сот шешімі әлі орындалмаған. Шәріпов бұл дауға Путиннің араласуын сұрайды. 

"Екі елдің сыртқы саясат ведомстволары өкілдерінің кездесуінен кейін келісім комиссиясы құрылды. Алғашқы кездесуден кейін 1,5 жыл өтті, РФ Сыртқы істер министрлігі талап еткен барлық құжат ұсынылды. Олар құжаттарды талдап, қандай да бір соманы ұсынудың орнына сот шешімін ревизиялаумен айналысып жүр. Мұның бәрі созылып барады. Біздің сот орындаушылар түрлі сылтаумен сот шешімін орындамай келеді. Мен Ресей президенті Владимир Путинге хат жазып, жолдадым, қандай да бір құқықтық өзара сыйластық болады деген үмітпен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа да өтініш білдірдім", - дейді өртенген зәулім үйдің иесі Шәріпов.

Зәулім үй қожайынының айтуынша, көптеген келісім комиссиялары құрылғанымен, ешқандай келісімге келген емес. Айта кетейік, Тоқтағұл Шәріповтің өртенген үйі үшін оған шығын өндіріп беру мәселесі Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ерлан Ыдырысовтың келіссөздерінде де бірнеше рет талқыланды. 

Еске сала кетейік, зәулім үйге қатысты дау 2005 жылы басталды, Шәріпов Ресейдің Бас консулдығына ауданы 600 шаршы метр болатын қымбат үйін жалға берген. Онда сол кездегі консул Рашид Ибрагимов тұрды. Дипломат ай сайын 3,5 мың доллар төлеуі керек болды. Көп ұзамай зәулім үй өртеніп кетті. Содан бері Шәріпов Ресейдің дипломатиялық өкілдігімен соттасып жүр. Оған 196 миллион теңге деп бағаланған шығын әлі төленген жоқ. Соттың шешімімен Бас консулдықтың есепшотына тыйым салынды, бірақ Ресей бұл әрекетті "Қазақстанның араздық ишараты" деп бағалады. Кейін есепшоттарға салынған тыйым алып тасталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети