Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Риддерге өзге аймақтан барған жұмысшылар пәтер алды

22 Желтоқсан 2014, 17:17
0
Фото ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сайтынан алынды
Фото ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сайтынан алынды

22 желтоқсанда құрамында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бар үкіметтік делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен барды. Үкіметтік делегация мүшелері "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша салынған екі үйдің біреуіне қоныс аударған отбасыларға пәтер кілттерін табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Риддерде мемлекеттік ұйымдарда, өнеркәсіп кәсіпорындарында, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерінде білікті маман тапшы. "Мәліметтер бойынша, бұл өңірге 700-ден аса маман қажет, олар, негізінен, мемлекеттік ұйымдардың мамандары: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, әлеуметтік жұмыскерлер, кітапханашылар және тағы да басқа", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 13 желтоқсанда жұмыс берушілер жұмыс күші мол оңтүстік аймақтардан – Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан – Риддерге қоныс аудару үшін 27 отбасын (94 адам) іріктеді. Олардың басым бөлігі мұғалімдер мен дәрігерлер. Бағдарламаға қатысу үшін 187 өтінім түскен, соның: 16-сы – Алматы облысынан, 28-і – Жамбыл облысынан, 102-сі – Оңтүстік Қазақстан облысынан және 41-і – Қызылорда облысынан.

Еске сала кетейік, бұған дейін жұмыс күшіне мұқтаж Шығыс Қазақстан облысы ОҚО-дан көшіп барғандарды қабылдап жатқаны хабарланған болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай