Ригада отандастарын кепілге алған қазақстандықтар 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©topwar.ru ©topwar.ru

Ригада өз отандастарын кепілге алған қазақстандықтар 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Латвияның Мемлекеттік полициясының өкілі Дайрис Анучинс айтып берді. Осыған дейін Қазақстан азаматтарының ұсталғаны хабарланған болатын. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ригада өз отандастарын кепілге алған қазақстандықтар 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Латвияның Мемлекеттік полициясының өкілі Дайрис Анучинс айтып берді. Осыған дейін Қазақстан азаматтарының ұсталғаны хабарланған болатын. 

Анучинстің айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның қатысушылары Латвияда. Қазақстанның ұсталған төрт азаматын сот тергеу уақытында қамауға алуға шешім шығарды. Оларға қатысты қылмыстық процесс екі бап бойынша жүріп жатыр: "Бөтен адамның бостандығынан заңсыз шектеу" және "Ұйымдасқан қылмыстық топта бопсалау". Оларға жалпы 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Спикердің айтуынша, ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі әзірше қарастырылып отырған жоқ. "Қылмыс Латвия республиксың территориясында болғандықтан, баптардың барлық квалификациясы Латвия заңымен жүреді, сот та осында өтеді. Ары қарай не болатыны әзірше белгісіз", - деді Анучинс.

Қазақстанның жәбірленуші азаматтарына келсек, оларға тиісті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. "Кепілге алынған отбасы Латвияда тұрып жатыр. Нақты мәліметтер әзірше анықталу үстінде. Қазіргі уақытта жәбірленушілер оқиға кезінде алған зардапты қалай өтеуге болатындығымен танысып жатыр. Бірақ әзірше олардың нақты бір талаптар болған жоқ", - деді полиция өкілі.

Еске салайық, осыған дейін наурыз айының басында Қазақстан азаматтарының өз отандастарының отбасын кепілге алғаны жайлы хабарланған болатын. Кепілге алынғандардың ішінде әкесі, шешесі және олардың екі баласы - 8 жастағы қыз бен алты жасар ұл бала болған. Қылмыскерлер ұстап отырған әйелден Алматыдағы 400 мың долларға бағаланған жылжымайтын мүлкін басқа біреудің атына жазуды талап еткен. Полиция нақты мекен-жайды анықтаған кезде кепілге алынғандарды босату бойынша операция өткізу туралы шешім қабылданған. Тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет жауынгерлері күдіктілер тобын ұстады. Кейін олардың да Қазақстан азаматтары екені анықталды. Тәртіп сақшыларының үйге басып кіру кезінде пәтерде кепілге алынғандар мен ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі болған: Қазақстан азаматтары 1985 және 1990 жылдары туылғандар. Күдіктілер оқиға орнында ұсталды, ал олардың сыбайластары: 1966 және 1968 жылғы азаматтар кейінірек ұсталды. "Тергеу болжамынша, қылмыс операциясына олардың алдын ала дайындалған. Латвияға олар осы қылмысты жасауға келген. Ұсталғандар бұл отбасыны білген, олардың Қазақстанда мүлкі бар екенін білген". - деді Латвия Мемлекеттік полициясының өкілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer