06 ақпан 2014 13:12

Рысқалиев ісі бойынша айыпкер әйел аштық жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот. ©Баубек Қоңыров Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот. ©Баубек Қоңыров

Рысқалиев ісі бойынша айыпталушылардың бірі аштық жариялады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев айтты. Атырау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Рысқалиев құрған қылмыстық топқа қатысты іс куәгерлерінен жауап алынып жатыр. Отырыс басында төрағалық етуші судья Гүлмира Дәулетова адвокаттар мен айыпталушылардың өтінішін оқыды. Онда қазақ тілінде жауап беруге рұқсат ету, куәгерлердің бірінің есепшотын тексеру және "Ақтөбехаусконстракшн" мен BNB Construction серіктестіктерінің бас есепшісіне қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту сұралған. Бас есепші қазір тұтқында отыр, адвокатының мәлімдеуінше, ол судья өтінішті қабылдамаса аштық жариялауға ниетті екенін айтқан. Сот өтініштің ішінде қазақша жауап беру мүмкіндігін ғана қанағаттандырды. "Аштық жариялау бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз бола алмайды" деді Гүлмира Дәулетова. Ал айыпталушы әйел сөзінде тұрып, аштық жариялауды бастаған. Еске сала кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне қатысты іс бойынша сот отырысында 22 адам айыпталушы ретінде жауап беріп жатыр. Олардың үстінен алты баппен қылмыстық іс қозғалған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети