18 маусым 2014 12:27

Сағат 21.00 - 12.00 аралығында алкоголь сатуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Заң мемлекеттің экономикалық мүдделерін, экономикалық қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл заңның этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі көлемін есепке алу құралдарын жаңарту жолымен мемлекеттік бақылауды күшейтуді, алкоголь нарығы субъектілері мен тұтынушылардың есепке алу-бақылау маркаларын идентицификациялау мүмкіндігін бекітуді және этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісінің төменгі шектік мөлшерін бекітуді қарастыратыны хабарланған болатын.

Сонымен бірге, заң жобасы спирттік ішімдіктерді сату орындары мен уақытын шектеу мақсатында алкогольді мейрамханалар, кафелер мен барлардан басқа орындарда, оның ішінде, автокөлікке май құю бекеттерінде де сағат 21.00-ден 12.00-ге дейінгі уақыт аралығында сатуға тыйым салу туралы норманы қарастырады. Бұл норма бойынша тыйым жұмыс және демалыс күндеріне бірдей қолданылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети