Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы арықтарда су болмауы, ал шлюздердің жабық болуы тіпті түсініксіз екенін айтты. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Әкім болып тағайындалған сәттен бастап қала тұрғындары көтерген мәселелердің бірі арық желісінің жағдайы болатын. Қалалықтармен 8 шілдеде кездесу кезінде мен арықтар мен жауын кәріздеріне инвентаризация жүргізуді, олардың барлығын ретке келтіруді тапсырған едім. Қазіргі кезде су Әуезов, Алмалы, Бостандық және Медеу сынды төрт аудандардың арықтары бойымен ағуда. 30 шілдеге дейін жұмыстарды толық аяқтап, барлығына су жіберетін боламыз. Айта кетерлігі, не себепті арықтарда су болмаған, ал шлюздердің жабық болуы тіпті түсініксіз", - деп жазды әкім.
Қала басшысы арықтарда судың сыңғырлап ағуы - біздің қаламыздың қайталанбас көрінісі, оның ерекшелігі екенін айтады.
"Қашанда осылай болған. Су жібергеніміз, жақсы жаңалық. Қала қызметтері, әрине өздерінің жұмыстарын атқарып, арық жүйесін ретке келтіретін болады. Арықтарды таза ұстау, оған қоқыстарды лақтырмау бәрімізге ортақ іс. Бұл менің қалалықтарға жасаған өтінішім", - деді Бақытжан Сағынтаев.