12 ақпан 2019 11:41

Сағынтаев "АрселорМиттал Теміртаудағы" апатқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы апат туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы апат туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"АрселорМиттал Теміртаудағы" апатқа қатысты, Жеңіс Махмұдұлы (Қасымбек - индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі) әкімдікпен бірге (Қарағанды облысы) осы кәсіпорындағы өндірісті бақылауға алу қажет. Енді ешқандай кедергі жоқ. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық тапсырманы берді. Сіздерде міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндік бар. Бұл бағытта жұмысты жандандыру қажет. Асқар Ұзақбайұлы (Мамин премьер-министрдің бірінші орынбасары), осы мәселе бойынша әр сала бойынша өңірлермен бірлесіп жұмыс ұйымдастырыңыз", - деп тапсырды Сағынтаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

2018 жылдың 10 қарашасында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да қайғылы оқиға болған еді. Апат салдарынан оттегі цехінің ауасын бөлу өнімдерінің технологиялық құбырлары бұзылған. Төрт адам зардап шекті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да болған апаттың тексеру қорытындысын жариялаған.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, тексеру нәтижесі бойынша комиссия болған апаттың себептерін жою және болашақта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін 15 іс-шара әзірлеген. Осы іс-шаралардың орындалуын бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети