09 шілде 2019 | 21:20

Сағынтаев аудан әкіміне бір аптада мәселені шешудің нақты жоспарын ұсынуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданындағы істің жағдайымен танысу мақсатында тұрғындармен кездесті. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі аккаунтарында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданындағы істің жағдайымен танысу мақсатында тұрғындармен кездесті. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі аккаунтарында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Бостандық ауданының тұрғындарымен кездестім. Олар жаңадан салынған тұрғын кешендері айналасының ретсіз абаттандырылғанына шағым айтуда. Жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың қауіпсіздігі алаңдатады. Қозғалыс бөлігіне, ең алдымен балалардың мектепке баратын бағытына барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы өтпелі жолдар жасаған жөн. Аудан әкіміне 15 шілдеге дейін осы мәселені шешудің нақтылы жоспарын ұсынуды тапсырдым", - деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында. 

Қала әкімі Facebook желісіндегі парақшасында Тұрғын үй құрылыстарының жоғары қарқыны әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуымен үндесуі тиіс: жаңа мектептер, бала бақшалар, емханалар қажет екенін атап өтті. 

Аудан әкімі А. Рахымбетовке тұрғын үй салған кезде бірінші қабаттарға әлеуметтік объектілердің орналасуын қарастыруды тапсырдым. Бұрыннан бар мектептердің жанынан қосалқы нысандар салу керек.

Ерменсай, Ремизовка, Ақтөбе, Бағанашыл, Нұрлытау, Алатау, Көкшоқы, Алма-Арасан, Жайлау ықшам аудандарының тұрғындарын таза әрі сапалы судың болмауы, электр жарығының кейде өшіп қалуы, газбен қамтудағы келеңсіздіктер алаңдатады.

Абаттандыруды одан әрі жалғастыру және балалар алаңдары, орындықтар мен жарығы бар жаңа аймақтар мен демалыс орындарын жасау қажет.

Алдағы аппараттық жиында аудан әкімі тұрғындарды алаңдатын барлық мәселелерді шешудің нақтылы шараларын ұсынуы тиіс.

Урбанистика орталығында Алматыны дамытудың стратегиясы мәселелері бойынша кеңес өткіздім.
Негізгі міндет - сервистік экономиканы дамыту, ең алдымен мегаполистің шет аудандарына басымдық беру.

"Шеті жоқ қала" принципіне негізделген бизнесті дамытудың жеке бағдарламасы қажет. Тек сонда ғана біз алматылықтардың табысын арттырудың басты кілті болып табылатын жұмыс орындарын жеткілікті көлемде аша аламыз.

"Құрылыс ұйымдарының басшыларымен кездестім. Басты мәселе - ескі үйлер проблемасын қалай шешеміз. Бұл менің негізгі міндеттерімнің бірі. Оңтайлы жолдарды іздейтін боламыз", - деп жазды Twitter желісіндегі парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети