29 қазан 2015 11:48

Сағынтаев Жақсыбеков пен Есімовті үздік әкімдер деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев Astana Invest инвестициялық форумында Ахметжан Есімов пен Әділбек Жақсыбековтің Астананы жайлы әрі қызығушылық туғызатын қалаға айналдыратынына сенім білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Таяуда Токионың кептелістен құтылғанын оқыдым... Әділбек Жақсыбеков Мәскеу мэрі Сергей Собянинді қабылдаған еді, ол бұл мәселеде Мәскеудің үздік бола алмағанын айтқан еді. Қазір көрмені көріп шықтық, осы салада көп еңбек атқарылды. Бұл залда еліміздің ең үздік қала әкімдері отыр - Астана мэрі Әділбек Жақсыбеков және Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов, қазір ол "Астана ЭКСПО"-ны басқарып отыр. Меніңше, олар біріге отырып, астанамызды өмір сүруге еліктіретін, жайлы әрі қолжетімді ете алады", - деді Сағынтаев.

Айта кетейік, Astana Invest инвестициялық форумы 6-шы рет қатарынан өтіп жатыр. 2015 жылға дейін шара Астана экономикалық форумы аясында өткен болатын. Шараның кеңеюіне орай дербес Astana Invest - 2015 V I инвестициялық форумын өткізу шешімі қабылданды. Шараға 30 елден 3 мың адам қатыспақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети