Сағынтаев жаңа министрлерді ведомстволардың ұжымдарына таныстырды

25 Қаңтар 2017, 20:17
0
Сағынтаев жаңа министрлерді ведомстволардың ұжымдарына таныстырды - © primeminister.kz
© primeminister.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаулысымен қайта ұйымдастырылған Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы таныстырды, - деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкіметтің жаңа мүшелерін таныстыра отырып, премьер-министр Мемлекет басшысы Үкімет пен қайта құрылған министрліктердің алдына денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласын әрі қарай дамытуға байланысты міндеттер қойғанын айтып өтті.


© primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев биылдан бастап Президент тапсырмасы бойынша нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын іске асыру жұмыстары басталатынын айтты. Денсаулық сақтау саласында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылған. Алда үдерісті іске қосудың белсенді жұмыстары тұр.

Премьер-министр жаңа министрлердің кәсіби тәжірибелерін атап өтіп, олардың басшылығымен Министрліктер Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді атқаруды жалғастыратынына сенім білдірді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай