Сағынтаев Қостанайдағы жана автобустарды көріп қайтты

15 Мамыр 2017, 13:15
5
Сағынтаев Қостанайдағы жана автобустарды көріп қайтты - © pm.kz
© pm.kz

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі жұмыс сапарының кестесіндегі негізгі шара  облыс жұртшылығымен кездесу болады, онда өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған. Кəсіпкерлер қауымымен кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту келешегі, мемлекеттік қолдау көрсету тетіктері қаралды. Бақытжан Сағынтаев жастармен Үкіметтің қазақстандық жастардың жеке бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен сапалы білім алуы үшін жасап жатқан мүмкіндіктерін талқылады.

ҚР премьер-министрінің жұмыс сапарындағы алғашқы нысан «Қостанай» халықаралық әуежайы болды. Мұнда Б. Сағынтаевқа қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі мен әуе айлағын қайта жөндеу жобасын іске асыру барысы туралы есеп берілді.

Сондай-ақ, Сағынтаевқа JAC S3 және PEUGEOT 301 шанақтарын біріктірудің жаңа желісінің монтаж жұмыстары туралы ақпарат беріп, шанақтарды бояу цехтарының, жеңіл автокөліктер мен автобустарды құрастыру желісінің жұмыстарын көрсетті. 

Зауыт қызметкерлері Бақытжан Сағынтаевқа ЭКСПО-2017-ге жіберілген IVECO Crossway автобустарын, сонымен қатар осында шығарылатын жеңіл автокөліктер мен коммерциялық техника желісін көрсетті. Зауытта 7 бренд: Peugeot, SsangYong, Iveco, Hyundai, JAC, JAC Commercial, Ravon және Chevrolet бар. Бұдан өзге, электромобильдер өндірісі ретке келтірілген. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында қажетті инфрақұрылымды құруды қарастыра отырып, экспортқа бағдарланған электромобильдер өндірісін одан әрі дамыту міндетін қойды. 

Бүгінде автокөліктер еліміздің ішкі нарығы мен көрші Ресей мемлекетінде сатылуда. "Холдинг Азия Групп Тәжікстан" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылатын болады, оның аясында Тәжікстанға 2 мың JAC және Peugeot автокөліктері жеткізілетін болады.

"СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС 2010 жылы құрылған. Кәсіпорында 2010 жылдан 2017 жылғы сәуір айына дейін 26 345 автокөлік шығарылған. 2017 жылдың І тоқсанында 971 көлік құрастырылған. Зауытта шамамен 600 жұмыс орны бар. 


© pm.kz 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай