24 шілде 2019 16:27

Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала басшысының әлеуметтік желіде аккаунттарына сілтеме жасап. 


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала басшысының әлеуметтік желіде аккаунттарына сілтеме жасап. 

"Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдастығының өкілдерімен кездестім. Кездесуге қатысушыларға ашық және пайдалы әңгімелері үшін алғысымды білдіремін. Бір-бірімізді тыңдай білу өте маңызды. Алматылықтардан мүмкіндігі шектеулі жандарды дұрыс түсінуді өтінемін. Оларды әлеуметтендіру, қоғамдық өмірге кеңінен тарту біздің басты міндетіміз. Ол үшін менталды кедергілерді жою маңызды. Мүгедектерді инклюзивті қорғау қағидатынан алыстауға болмайды. Барлығымыз - бір қауымбыз, сүйікті қаламыздың тұрғындарымыз", - деп жазды әкім Instagram желісіндегі парақшасында. 

Алматыда 43,2 мың мүгедек жандар тұрады. Алматы әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды. 

Олардың талаптары бойынша алғашқы маңызды қадамдар жасалды, енді әрі қарай жалғастыру қажет.

1) Олар үшін көпқабатты ғимараттардың, пандустар мен табалдырықтардың, әсіресе барлық мемлекеттік және медициналық мекемелерде, ХҚКО қолжетімді болуына немкетті қарамаған жөн. Қоғамдық денсаулық және білім басқармалары жеке мекемелермен жұмыс жасаулары тиіс. Бұлар маңызыды жұмыстар. Сайфеденов, Төсекбаев, Қожабергенова, Телібаев тексерулермен толық аудит жүргізетін болады.

2) Зағиптар мен нашар көретіндер үшін аялдамаларды хабарлайтын дауыстық опциямен автобустардың небәрі 55% қамтылған. Қозғалыс кезінде оларды ұмыт қалдыруға болмайды.Көлікке отыру және түсу кезінде көмек көрсеткен жөн. Зағиптар үшін қауіпті бұрылыстардағы бағдаршамдарға дыбыстық белгі орнатылуы тиіс. Метроның жаңа бекеттерін салу барысында мүгедектерге қажет қолжетімділіктің барлық талаптары сақталатын болсын.
Бұл - Әукеновке және қалалық Мобилділік басқармасына берілген тапсырма (Телібаев).

3) 2019 жылы мүгедек жандардың 60% реабилитациямен және әлеуметтік қызметтермен қамтылған. ҮЕҰ ересек мүгедектер үшін көпфункционалды реабилитациялық орталық ашуды ұсынды. Үлкен мәселе әрі қаржыға қатысты. Мәселе бірден шешілмейді, ұтымды жолдарын іздестіреміз. Бұл істі орынбасарларым Өсеров пен Әукеновке тапсырамын.

4) Алматыда 9 мың бала ерекше білім беруді қажет етеді. Оларды қаланың мектептеріне бөліп, инклюзивті білім беруге тартқан жөн.

5) Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс орындарын ашу. Заңнамаға сәйкес, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар 2 пайыздан 4 пайызға квота берулері тиіс.

Өкінішке орай, заң талаптары орындалмайды. Квота бойынша жұмыспен қамту деңгейі - төмен. Еңбекпен қамту орталықтары, кәсіпкерлік басқармасы саланың ҮЕҰ және кәсіподақпен бірге осы бағытта жүйелі жұмыстарды жүзеге асырулары қажет. Қалтаеваның (Шырақ қауымдастығы) және Омарғалиеваның (Даму-Көмек) тиісті ұсыныстары қаралатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети