28 маусым 2017 18:14

Сағынтаев "Нұрлы жер" бағдарламасының Қызылорда облысында іске асырылу барысымен танысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/primeministerkz/ © instagram.com/primeministerkz/

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы мен "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамыту барысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 
 
Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Бақытжан Сағынтаевқа өңір халқын қолжетімді баспанамен және әлеуметтік маңызға ие нысандармен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және жаңа тұрғын үй алабының жобасы туралы баяндады. Биыл облыс орталығының сол жақ жағалауында салынып жатқан үйлерге қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталады.

Биыл өңірде "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2 211 пәтерден тұратын 40 көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарда бар екен.   

Сонымен қатар, Қызылорда облысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың өз ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан бизнесмендеріне консультациялық көмек көрсететін өңірлік Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
 
Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким "Атамекен" ӨКП жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қолдаудың іске асырылып жатқан бағдарламалары, оның ішінде Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, "Бизнестің жол картасы-2020" бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Бұдан өзге, мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары саласындағы жұмыс бойынша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша консалтингтік қызметтер көрсетіледі.

КҚКО қызметі рұқсат құжаттарын алу кезіндегі әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік қолдау тетіктерінің қолжетімділігін арттыру бойынша Үкіметтің шараларын өңірде іске асыруға бағытталған. Орталықтың міндеті - кәсіпкерлік сауаттылық деңгейін арттыру, АӨК-дегі заманауи технологияларды енгізу бойынша көмек көрсету, ШОБ субъектілерін маркетингтік және ақпараттық ілгерілету.

Сапар барысында премьер-министр Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында өңірдің қоғамымен Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауының жеке бағыттарын іске асыру барысын талқылады.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында атқарған жұмыстары мен кездесулері жайында мына жерден толық оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети