ПОДЕЛИТЬСЯ
25 желтоқсан 2018 | 13:21
Сағынтаев облыс әкімдеріне жылу беру маусымының өту кезеңін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды
Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жылу беру маусымының өту мәселесін қарау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жылу беру маусымының өту мәселесін қарау қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.
Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің, сондай-ақ, бірқатар өңір әкімдерінің баяндамаларын тыңдаған соң премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жалпы биылғы жылыту маусымы елеулі технологиялық ақаусыз, қалыпты өтіп жатқанын айтты. Дегенмен, бұл мәселе барлық өңірлер әкімдерінің жіті бақылауында болуы керектігін атап өтті.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жалпы күзгі-қысқы кезең штаттық режимде өтіп жатыр. Кеше, 24 желтоқсанда ең жоғарғы электр жүктемесі 14 740 мегаватқа немесе жылыту кезеңіне жоспарланған максимумның 99 пайызға жетті. Бұл - соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Жалпы, халық электр және жылу энергиясымен толықтай қамтылған.
Энергетика министрінің сөзіне қарағанда, бір жылға жоспарланған электр станцияларындағы жөндеу жұмыстары іс жүзінде аяқталған. 8 энергоблок, 52 қазандық пен 44 турбина, 28,3 мың шақырым электр беру желілері және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы 500 қазандық жөндеуден өткен.
"Электр станцияларының отын қоймаларында 4 миллион тонна көмір және 112 мың тонна мазут жинақталды, бұл бекітілген нормаға сәйкес келеді. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы қазандықтарда көмір қоры 978,8 мың тоннаны, мазут 115,2 мың тоннаны құрап отыр", - деді Қанат Бозымбаев.
Әкімдіктердің өтінімдеріне сәйкес, Энергетика министрлігі күзгі-қысқы кезеңде 312 мың тонна көлемінде әлеуметтік-өндірістік объектілерге мазутты жеткізу бойынша өңірлерді белгілеу кестесін бекіткен болатын. Қазан-қараша айларында кесте 86 пайызға орындалды. Министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қазіргі жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін жұмыстарды жалғастыруда.
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2018-2019 жылдары жылыту маусымы еліміздің барлық өңірлерінде тұрақұты режимде өтіп жатқанын банядады. ҚР ИДМ жылумен қамту, сумен қамту және су бұру желілерінде технологиялық бұзушылықтарға қатысты жылыту мауысымының барысына мониторинг жүргізіп отыр. Әкімдіктер мен ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті күн сайын ҚР ИДМ-ге тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат беріп отырады.
"Жылыту маусымы басталағаннан бері тіршілікті қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелерінде 24 технологиялық бұзушылық анықталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе аз. Әкімдіктер аталған технологиялық бұзушылықтарды қысқа уақыт ішінде жойды", - деді Жеңіс Қасымбек.
Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбектің айтуынша, апаттардың алдын алу үшін әкімдіктер халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне бақылауды күшейтулері керек. Сондай-ақ, технологиялық ақауларды жылдам қалпына келтіріп, жылыту маусымына жауапты адамдардың кезекшілігін мереке күндері де ұйымдастыру қажет.
Дебиторлық берешекке қатысты жағдай туралы баяндай отырып, Жеңіс Қасымбек 01.12.2018 жағдай бойынша дебиторлық берешек 12 995 миллион теңге құрағанын атап өтті. Осыған орай әкімдіктер дебиторлық берешекті азайту жұмыстарын бақылауды күшейтулері керек және берешектердің өсуіне жол бермеулері қажет.
Көмірмен қамтамасыз етуге қатысты ҚР ИДМ шұғыл деректеріне сәйкес, 20 желтоқсандағы жағдай бойынша, биыл жыл басынан бері еліміздің көмір өндіруші компаниялары 109,2 миллион тонна көмір өндірген. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 56,4 миллион тонна көмір жөнелтілді. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 12,4 миллион тонна көмір жөнелтілді. 27,7 миллион тонна көмір экспортталды. 2018 жылдың соңына дейін көмір өндіру көлемі шамамен 112 миллион тонна болады деп күтілуде. Биыл жылыту маусымы басталғаннан бері (1 мамырдан 20 желтоқсан аралығында) теміржол көлігімен 46,8 миллион тонна көмір тасымалданды.
Айта кетейік, 2018-2019 жылдары кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа көмір өнімдерінің жоспарлы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жүргізілетін мониторинг инвестициялар және даму, энергетика министрліктерінің бірлескен бұйрықтары аясында жалғасып жатыр.
Бүгінгі таңда жылдық жоспарға қатысты алғанда көмір қорларымен қамтылу деңгейі - 93,2 пайыз. Барлық дерлік өңір халық пен коммуналдық-тұрмыстық секторға көмір жеткізу кестесін уақытынан бұрын орындалып жатыр.
"Әкімдіктер мен көмір сатушылар арасында жасалған меморандумдар есебінен соңғы 4 аптада еліміздің барлық өңірінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халыққа сатылатын көмірдің бағасы орта есеппен 15-20 пайызға төмендеді", - деп хабарлап Жеңіс Қасымбек, жалпы 2018/19 жылдардағы жылыту маусымының өтуі ҚР ИДМ-нің тұрақты бақылауына алынғанын атап өтті.
Сондай-ақ, отырыс барысында жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету бойынша өңірлерде қабылданып жатқан шаралар туралы Ақмола облысының әкімі - М. Мырзалин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Қошанов, Павлодар облысының әкімі Бақауов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев, Астана қаласының әкімі Сұлтанов баяндады.
Сонымен қатар, кейбір өңірлерде қатты аяз болжанып отырғанын және алдағы мерекелік күндерді ескеріп, жергілікті атқарушы органдарға жылумен, энергиямен жабдықтау ұйымдарын қажетті көлемде отынмен, қажетті материалдармен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауды, қосымша техникалық ресурстар тартуды, тиісті ұйымдар мен бригадалардың тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастыру тапсырылды. Халықты жылумен, сумен және энергиямен жабдықтау үшін әкімдердің нақты шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Показать комментарии
Читайте также