03 шілде 2019 16:41

Сағынтаев: Өмір сүру үшін жайлы жағдай жасау біздің басты міндет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен танысып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен танысып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ауданды аралаған кезде Б.Сағынтаев әкімшілік орталықта болды, мұнда ол ауданды дамытудың преспективалық жоспарымен және негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен танысты. Наурызбай ауданында орналасқан ХҚКО ол келушілермен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесін талқылады.

Алматы әкімі Шұғыла мөлтек ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенін көрді. Ауланы аралаған кезде Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен тілдесті және алдағы болатын аппарат отырысында мөлтек ауданды абаттандыру мәселесінің қаралатынын атап өтті.

"Нақтылы жоспар әзірлеудеміз, жауаптыларды белгілейміз, олардың телефондары мен аты-жөндері жазылған тақтайшаларды ілеміз, сол арқылы тұрғындар кімнің қай учаскеге тікелей жауапты екенін білетін болады. Өмір сүру үшін жайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз", - деді Алматы әкімі.

Бақытжан Сағынтаев "Ақсай" фильтр станциясында болды, мұнда ол сумен қамтудың ағымдағы жағдайы мен жоспары туралы есепті тыңдады. Таусамалы, Ақжар, Құрамыс мөлтек аудандарында су тасымалын ұлғайтуды тапсырды.

"Аудан әлі жас, оның қалаға қосылғанына небәрі бес жыл толды. Мұндағы жеке сектор үлкен, адамдардың қала стандарты бойынша өмір сүргілері келеді, сондықтан қазірден бастап тиісті басқарламалар мен аудан әкімдігі бірге осы бағыттар бойынша жұмысты күшейтулері тиіс", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала басшысы аудан әкімі С.Тоғайға бүгін берілген тапсырмалардың орындау барысын күнделікті тексеруді және жұмыс жүріп жатқан учаскелерде үнемі болуды тапсырды. Қала әкімі Абай даңғылы бойын Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін үңгілеу жұмысының және Әшімов көшесінің қиылысына салынып жатқан жолайрығы құрылысының барысымен танысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети