Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Сағынтаев өзінің орынбасарлары мен Кеңсе басшысы арасындағы міндеттерді бөлді

30 Қыркүйек 2016, 23:50
0
© khabar.kz
© khabar.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 5 тамыздағы "ҚР Премьер-Министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасындағы міндеттерді бөлу туралы" өкіміне өзгерістер енгізу туралы" өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, ҚР Премьер-Министрінің қарауына экономикалық, қаржы, фискалдық және кедендік саясат, мемлекеттік бюджетке қатысты стратегиялық мәселелер, мемлекетаралық қарым-қатынас мәселелері және халықаралық ынтымақтастық, шетелдік инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жетілдіру және басқалары кіреді.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің міндеттеріне экономиканы және аймақтық саясатты жедел басқару, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, энергияның жаңартылатын көздері, көмір, атом өнеркәсібі және ядролық энергетиканы дамыту мәселелері бекітілді.

Сонымен қатар, ол төтенше жағдайларға және жұмылдыру жұмыстарына, әскери-өнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті дамыту, жылу беру маусымдарына дайындадық және оны өткізу, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі мәселелеріне және басқаларына жауапты.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасарының құзыретіне сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, өнеркәсіпті, инновацияларды, техникалық реттеу, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы, ақпараттық технологиялар, туризм, экспорттық бақылау және басқа мәселелер кірді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовке білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту, дін, спорт, мәдениет, демографиялық және көші-қон саясаты, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды үйлестіру және басқа мәселелер бекітілді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, су ресурстары,  орман шаруашылығы, жануарлар әлемі және басқа мәселелерге жетекшілік етеді.

Премьер-Министр Кеңсесі­нің Басшысы Ерлан Қошанов Премьер-Министрді және Үкі­мет басшылығын ақпарат­тық-талдау, құқықтық, ұйымдас­ты­рушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-тех­ни­калық және өзге де мәселелерді қамтамасыз етуді іске асырады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай