28 ақпан 2019 12:30

Сағынтаев пен Кәлетаев "Нұр Отан" саяси кеңесінің мүшелігіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлаж © Tengrinews.kz фотоколлаж

"Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде партияның жаңа саяси кеңесінің мүшелерін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде партияның жаңа саяси кеңесінің мүшелерін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жарғыға сәйкес, саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының өкілеттік мерзімі - төрт жыл. Олар 2014 жылы сайланды. Сондықтан биыл органдар құрамының мерзімі аяқталады", - деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Жаңа тізімге Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, премьер-министр Асқар Мамин, бұрынғы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, сенатор Дариға Назарбаева, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, бұрынғы қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басшысы Ахметжан Есімов,, "Нұр Отан" партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова және басқалар енді. 

Қоғам қайраткерлері арасында жаңа тізімде "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев, кәсіпкер Иван Сауэр, кәсіпкер Болат Өтемұратов, дәрігер Юрий Пя және басқалар бар.

Партияның саяси кеңесі мүшелерінің толық тізімін мына сілтеме бойынша көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети