27 ақпан 2014 | 18:10

Салықтан жалтарған компанияға қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Еліміздің аумағында салынып жатқан "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" автомагистралінің Қызылорда облысы бөлігінде құрылыс жұмыстарын жүргізген компанияның үстінінен қылмыстық іс қозғалды. Ол компанияның салықтан жалтарғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Бақыт Орданованың хабарлауынша, жоспарлы тексеру кезінде жол және көпір құрылысымен айналысатын "Evrаscon" ААҚ филиалының қызметінен заңсыз әрекеттердің орын алғаны анықталды. Нақтырақ айтқанда, аталған компания ҚР Кеден кодексі 43 тарауының талаптарын бұзып, уақытша әкелінген арнайы техникалар мен көлік құралдарын үшінші тұлғаға жалға беріп келген. Сөйтіп, 25 дана техника үшін өсімпұлымен 59 миллионның үстінде кедендік баж, 19 миллионнан астам қосымша құн салығы мен 5972 теңге көлеміндегі кеден алымды төлеуден жалтарған. Осының нәтижесінде барлығы 78 млн. 837 мың теңге бюджетке берешек болып шыққан. Компанияға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети