30 қараша 2015 12:35

"Самұрық-Қазына", "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтері жойылуы мүмкін - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Еntorndigital.es © Еntorndigital.es

Жекешелердіруден кейін айналысатын ештеңе болмаған жағдайда "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтері жойылуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялау кезінде айтты.


Жекешелердіруден кейін айналысатын ештеңе болмаған жағдайда "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтері жойылуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялау кезінде айтты.

"Қазір мемлекеттік секторда жекшелендіруге шектеуді алу өте маңызды. "Мемлекеттік меншігі туралы" Заң мен Азаматтық кодекстің жайын қарауымыз керек. Жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық нысандардың тізбегін жоюымыз қажет. Үкіметке мемлекеттің меншігіндегі ұйымдарды қоса отырып жекешелендірудің жаңа бағдарламасын дайынауды тапсырамын. Олардың ішінде Самұрық-Қазына, Бәйтерек және ҚазАгро бар. Жекешелендіруден кейін осы үш холдинг іспен айналысатын кішігірім ұйымдарға айналсын. Егер олардың айналысатын ісі болмаса, жою керек", - деді Қазақстан Президенті.

Назарбаев Қазақстанның 7 мыңнан аса кәсіпорны кіретін мемлекеттік үлкен сектор қазіргі кезде инвестиция тартуды ұстап тұрғанын айтты. "7 Мың! "Самұрық-Қазына" мен "ҚазАгро" ауылшаруашылық пен өнеркәсіптің активтерін тиімсіз бақылап отыр", - деді Назарбаев.

Ол "Самұрық-Қазына" қорының активтері "500-ден аса еншілестерді қоса есептегенде" ішкі жалпы өнімнің 40 пайызын құрайтынын айтты.

"Кәсіпорынды құрған екзде олардың қосалқы бөлшектері өсе берді. "ҚазАгро" мен "Бәйтерек" бюджет пен банк арасындағы бәсекеге қабілетсіз делдалға айналды. Мұның барлығы кәсіпорындарда бос штаттардың ашылуы мен бюжет қаражатын далаға шашуға әкелді. Өз кезегінде бұл инвестицияны ығыстырды", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети