27 ақпан 2014 | 16:01

"Самұрық-Қазына" менеджерлері жалақыға жарымай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © tengrinews.kz Фото © tengrinews.kz

Бүгінде "Самұрық-Қазынаның" топ менеджерлері бір жалақы және үш оклад көлеміндегі бонустарымен шетелдік әріптестерімен бәсекеге түсе алмайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке сілтеме жасап. Қор басшысының айтуынша, топ менеджерлердің жалақысы мен қосымша бонустарының көлемін директорлар кеңесі анықтайды. "Мәселен, біздің жалақымызды Премьер-министр басқаратын директорлар кеңесі бекітеді. Ал еншілес компаниялар үшін біздің ("Самұрық-Қазынаның" - авт.) басқарушы директорларымыз белгілеп отырады", - деп атап көрсетті бүгінгі брифингте Ө.Шөкеев. Оның сөзіне қарағанда, қосымша бонустар жайдан-жай берілмейді. Қор ішінде әрбір топ менеджер тиісті көрсеткіштерге жетуі тиіс. "Егер компания сол көрсеткіштерге жетсе, онда бонустар беріледі. Бірақ оның көлемі үш окладтан аспайды. Негізі, біздің директорлар кеңесіне кіретін шетелдік әріптестеріміз оны дұрыс емес деп санайды. Топ менеджерді мұндай табыспен ұстап тұру да қиындау. Енді, біз мемлекеттік қызметкер емеспіз ғой. Біз нарық жағдайында өзіміз сияқты коммерциялық компаниялармен бәсекеге түсеміз. Олар жоғары жалақы мен бонустар қойса, біз де содан қалыспауымыз қажет", - дейді атап көрсетті қор басшысы.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети