15 қаңтар 2018 11:28

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-де басқарушы директорлар саны екі есеге қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жаңа құрылымы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.


"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жаңа құрылымы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

Басқарма шешімі бойынша "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат Қоры" АҚ жаңа құрылымы бекітілді. Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.

"Құрылымға өзгерістер енгізу - басқарудың оңтайлылығын (мобильділігін) және тиімділігін арттыру, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ трансформациясы процесіне терең үңілу, активтерді басқаруда сатылы құрылым енгізу және Қор құрамына кіретін ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыру міндеттемелері аясында қажет болды", - деп хабарлады Қоғаммен байланыс департаментіндегілер.

Жаңа құрылымның ағымдағы жылдың 11қаңтарынан бастап іске қосылғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети