19 қараша 2014 14:23

Сән және дизайн колледжі жарылыстан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Светлана Яковлеваның жерлеу рәсімі. ©Айбек Сұлтанғазиев Светлана Яковлеваның жерлеу рәсімі. ©Айбек Сұлтанғазиев

Алматы сән және дизайн колледжі граната жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқу орнының директоры Надежда Яковлева айтты. 


Алматы сән және дизайн колледжі граната жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқу орнының директоры Надежда Яковлева айтты. 

"Біз жерлеу рәсімін ұйымдастырдық, ұжым көп көмек көрсетіп жатыр. Жерлеуден кейін басқа да мәселелер болса, біз қолдау көрсетуге дайынбыз. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысына келсек, ол жұмысқа 2013 жылдың қыркүйегінде қабылданды. Ол өзін жақсы адам ретінде көрсетті. Біз оның дөрекілігін көрген емеспіз", - деді Алматы сән және дизайн колледжінің директоры.

Яковлеваның айтуынша, қазір колледжде сабақтар кестеге сай өтіп жатыр, балалармен және оқытушылармен жұмыс істейтін психологтар бар.

Бұған дейін Алматы әкімдігінің граната жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына 1 миллион теңге бөлгені хабарланған болатын. Бүгін 16 жастағы Светлана Яковлева жер қойнына тапсырылды. Онымен қоштасуға курстастары, оқытушылары, қыздың ата-анасының достары мен туыстары келді. Көршілерінің айтуынша, Светлана мейірімді, қарапайым қыз болған. 

Студент қыздың туыстарының айтуынша, граната ақпарат құралдары хабарлағандай Яковлеваның қолында емес, оның ту сыртынан жарылған. Мұны дәрігерлер де растады - қыздың арқасында жарықшақ жарақаттары болды. Полиция гранатаның Алматы сән және дизайн колледжіне қалай келгенін анықтап жатыр. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 72 сағатқа ұсталды, осы уақыт ішінде сот оған бұлтартпау шарасын белгілейді. Болған оқиғаға байланысты "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. 

 

Еске сала кетейік, Алматы сән және дизайн колледжінде граната 17 қараша күні таңертең жарылды. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз қайтыс болды. Кеудесі мен басына жарықшақ тиген 12 адам ауруханаға түсті, олардың бесеуіне операция жасалып, жансақтау бөліміне ауыстырылды. 18 қараша күні үш науқас тыныс алу аппаратынан ажыратылды. Мұның алдында қазір Алматы сән және дизайн колледжіне бөгде адамдардың кіргізілмей жатқаны хабарланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети