24 тамыз 2015 11:55

Санжар Боқаев Алматы ішкі саясат басқармасы басшысы қызметінен кетіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Almaty.tv © Almaty.tv

Санжар Боқаев басқа қызметке ауысуына байланысты Алматы ішкі саясат басқармасы басшысы қызметінен кетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Санжар Боқаев басқа қызметке ауысуына байланысты Алматы ішкі саясат басқармасы басшысы қызметінен кетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкімдіктегі қызметімді аяқтауды шештім. Ең бірінші Ахметжан Смағұлұлы Есімовке алғыс айтқым келеді. Бауыржан Қыдырғалиұлына түсіністігі үшін рахмет айтамын, оған сәттілік тілеймін. Бірге қызмет еткен ұжымдастарыма да рахмет айтамын", - деді Боқаев Facebook парақшасында. Оның айтуынша, оған түрлі қызметке ұсыныс түскен. "Кәсіпкерлік немесе саясат болуы мүмкін", - деді Боқаев.

Санжар Боқаев ішкі саясат басқармасын 2014 жылдың қазанынан бастап басқарды. Бұған дейін ол жастар саясаты басқармасында қызмет етті. Боқаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Ресей Федерациясы Президент жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған, АҚШ Колумбиялық университетінде тәжірибеден өткен.

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Саясаттану" факультетінің аға оқытушысы болды. "Нұр Отан" партиясы Алматы филиалының төрағасының орынбасары болды.

Еске сала кетейік, 9 шілдеде Алматы әкімі ауысты. "Нұр Отан" партиясының төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбекоңтүстік астанаға әкім болып келді. Ал Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети