07 мамыр 2019 16:26

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованың ескерткіші ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіс күні қарсаңында Санкт-Петербургте Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды "Хабар 24".


Жеңіс күні қарсаңында Санкт-Петербургте Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Композиция авторы - мүсінші Едіге Рахмадиев. Ескерткіш Алматы облысында жасалған. Бұл жоба Санкт-Петербург билігі, Қазақстан елшілігі және Ақтөбе мен Атырау облыс әкімдерінің бірлескен еңбегі аясында жүзеге асты.

Осыған дейін Санкт-Петербургте бірнеше күн бойы қар аралас жаңбыр жауған еді. Алайда ескерткіш ашылғанда күн шайдай ашылды. Қаһарман қазақ қызына рухына тағзым етіп келгендердің санында шек жоқ. Тіпті адамның көптігінен саябаққа кіре алмағандар бар. 

"Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың мүсіні достық, татулық, бейбітшілік және ұлы қазақ халқы мен осы халықтың ұлы қызын ұлықтаған ескерткіш болды", - деді Санкт-Петербор заң шығару жиналысының төрағасы Вячеслав Макаров. 

Салтанатты рәсімге ардагерлер, әскерилер, саясаткерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен өнер қайраткерлері қатысты. Олардың арасында алғаш "Әлия" әнін шырқап елге танылған қазақтың күміс көмей әншісі Роза Рымбаева да бар.

"Бұл ерлік ешқашан ұмтылмайды. Әлия апамыздай батырларымыздың арқасында біздің елге бейбітшілік келді. Бақытты көк аспан. Ел қорғаған әскерлеріміздің, соның ішінде Әлия, Мәншүк, Хиуаз, солардың арқасында бүгін үлкен мереке", - деді Роза Рымбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети