06 маусым 2016 21:45

Сапарбаев Ақтөбедегі терактіден жараланғандарға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаев Бердібек Сапарбаев

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі терактіден жараланғандарға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі терактіден жараланғандарға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысы бірінші болып төрт адам жатқан жансақтау бөліміне кірді. Олардың үшеуі атыстан зардап шеккен, олардың бірі құқық қорғау органдарының қызметкері. Бұл адамдардың жағдайы тұрақты. Сонымен қатар, Сапарбаев жансақтау бөлімінде жатқан тағы бір науқастың бөлмесіне кірді. Бұл бөлменің алдында күзет қойылған. Бұл жерде жасалған қылмыстар бойынша күдікті жатыр. 

"Қылмыскер ме, әскери ме, бейбіт тұрғын ба - біз барлығына бірдей көмек көрсетіп жатырмыз. Медицина тең көмек көрсету керек, сосын ғана тергеу анықтайды", - деді Сапарбаев тілшілерге. 

"Науқастардың денсаулығына келер болсақ, төртеуінің жағдайы ауыр, олардың бірі күдікті. Бірақ қазір дәрігерлер олардың өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгенді жасап жатыр. Қалған 14 науқастың жағдайы орташа. Таяу арада ауруханадан шығады деп үміттенеміз", - деді Сапарбаев. Айта кетейік, облыс әкімі жансақтау бөлімімен қатар, атыстан жарақат алғандардың бөлмесіне де кірді. Олардың көбі жас әскерилер. 

Ауруханада 18 науқас жатыр, олардың төртеуі күдікті. Облыс ауруханасында - атыстан зардап шеккен үш адам, екі әскери, біреуі күдікті. Олардың пышақ және оқ жарақаттары бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети