24 сәуір 2017 19:37

Сапарбаев су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге ауылға баруды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбенің су тасқынынан зардап шеккен аудандарында аралау жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы. Бұл жолы облыс әкімі қала маңындағы Өрлеу (бұрынғы Россовхоз) ауылында болды. 


Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбенің су тасқынынан зардап шеккен аудандарында аралау жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы. Бұл жолы облыс әкімі қала маңындағы Өрлеу (бұрынғы Россовхоз) ауылында болды. 

Порталдың мәліметінше, өткен жылы саман кірпіштен салынған үй тұрмысқа жарамсыз болып қалған. Сапарбаев үй иелерінен барлық жағдайды қамтамасыз етілетін ауылдарға баруды ұсынып көрді. 

"Қарғалы ауданында Аманғос Тілеуов есімді фермер бар. Ол үй, жұмыс тауып бере алады. Баратындар болса шіркін", - деді әкім.

Алайда Өрлеу тұрғындары ұсынысқа кері жауап қайтарды. Олардың айтуынша, қалалық өмірге үйреніп қалған, олар өздерінің балаларының облыс орталығында білім алғанын қалайды. Осыдан кейін, Сапарбаев қала әкімі Ілияс Испановқа су тасқынынан зардап шеккендерге жер беруді тапсырды. Мұндай зардап шеккендер Өрлеу ауылында үшеу екен. "Біз сіздерге жер береміз. Құрылыс материалдарыменде көмектесуге тырысамыз. Қазақта асар деген бар, мұндай жағдайда туыстар, жақындар мен достар бірігіп бір-біріне көмектесуі қажет. Жаз біткенше үй көтеріп үлгересіздер деп ойлаймын. Ал сіздердің мына құлағалы тұрған үйлеріңіздің құжаттары да жоқ", - деді Сапарбаев Өрлеу ауылының тұрғындарына. 

 

Сонымен қатар, ТЖ комитеті 24 сәуірдегі мәлімет бойынша, су тасқынынан зардап шеккен аудандарда апатты-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ескерту және эвакуациялау жұмыстары және төрт-түлік малды қауіпсіз жерге көшіру , су сору және суды басқа жаққа бұру, бөгеттерді нығайту, автожолдарды қайта қалпына келтіру, қоғамдық тәртіпті орнату, патрульдеу және жағдайды бақылау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети