04 маусым 2015 11:40

Сапарбаев ҰБТ тапсыратын түлектерге 15 минут қосып беруді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев елордада Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі ҰБТ-2015 пунктіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев елордада Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі ҰБТ-2015 пунктіне келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 2 маусымда басталды. Сапарбаевтың айтуынша, 2015 жылдың алғашқы екі күнінің көрсеткіші 2014 жылғы нәтижеге қарағанда жоғары. Премьер-министрдің орынбасары аграрлық университеттегі үш аудиторияны да аралап шықты. Ол түлектерге сәттілік тіледі.

Сапарбаев ата-аналарға қарап: "Бүгін тестілеудің үшінші күні. Қазірге дейін түлектердің шамамен 20 пайызы 100-ден жоғары балл алды. 11 жыл бойы жақсы оқыған адам емтиханды да жақсы тапсырады. Мен бүгін олармен кездестім, бәрінің жағдай жақсы. Барлығы да жақсы тапсыруға тырысты. Сіздер де қобалжымаңыздар", - деді Сапарбаев.

"Біз бірнеше өзгерту енгіздік. Ең бастысы: аттестатқа баға қойған кезде ҰБТ балы да есептеледі. (...) Заңды, тәртіпті сақтаңыздар. Шпаргалка, ұялы телефон қолдануға болмайтынын айтсақ та, өкінішке орай бұл тыйылар емес. Бұл ешқандай пайда әкелмейді. Бәріңіз көріп тұрғандай, барлық аудиторияларға камера орнатылған, сіздер балаларыңыздың емтиханды қалай тапсырып жатқанын көре аласыздар. Үш жарым сағат жеткілікті", - деді ол.

Сапарбаев ұйымдастырушылардан тестілеуге 15 минут қосуды сұрады. Ол күле отырып: "Сапарбаев 15 минутымызды алды демеңіздер", - деді.

Ата-аналары, туыстары түлектерді қоршаудың сыртында күтіп тұр. Ғимараттың маңында мониторлар орнатылған, кадрдан ҰБТ-2015 емтиханының қалай өтіп жатқанын көруге болады.

Биыл Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге 87 783 түлек қатысады. Тестілеу 165 пунктте өтеді. Емтиханды 62 385 түлек қазақ тілінде, 25 398-і орыс тілінде тапсырады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети