16 қараша 2015 15:23

Сарапшылар осы аптада теңге бағамының қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Осы аптаның ішінде Қазақстан ұлттық валютасы АҚШ долларына деген сұраныстың әсерінен біртіндеп құлдырай түсуі мүмкін, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Forex Club сарапшысы Алена Афанасьева айтып берді.


Осы аптаның ішінде Қазақстан ұлттық валютасы АҚШ долларына деген сұраныстың әсерінен біртіндеп құлдырай түсуі мүмкін, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Forex Club сарапшысы Алена Афанасьева айтып берді.

"Инфляция бойынша осы аптада жарияланған америкалық мәліметтерге байланысты аса жоғары құбылмалылықтың болуы да мүмкін. Егер көрсеткіш баға қысымының одан арғы өсімін растайтын болса, ол инвесторлардың желтоқсанда мөлшерлемені көтеруге және USD позициясын нығайтуға жақсы мүмкіндік екеніне көзін жеткізеді, әсіресе қатерлі валюталарға қарсы", - деді сарапшы.

Ол сонымен қатар, теңге бағамының өткен аптада қандай болғанын айтты. "Теңге өткен апта бойы АҚШ долларына қарсы позицияны ұстанды, бағам 307,73 теңгемен жабылды. Алайда бүгін қайта көтеріліп 308,36 теңгеге жетті", - деді ол.

Оның әріптесі Анатолий Ахметовтің түсіндіруі бойынша, өткен апта жергілікті нарық үшін тыныш болды, шикізат нарығында баға төмендеп жатса да, теңге бағамының құбылуы төмен деңгейде сақталды. "Бұл жағдай Қазақстан Ұлттық банкінің РЕПО-мен келісім жасасуымен байланысты болуы мүмкін, бағамды реттеудің мұндай шарасын біз Ресей Федерациясының рублі тарихынан көрген болатынбыз", - деді Ахметов.

"Альпари" сарапшысы Анна Бодрованың айтуынша, америкалық долларға қатысты қазақстандық валютаның нығая түсуі бірнеше аптада бірінші рет байқалды. "KASE биржасындағы эмоционалдық шиеленіс градусы төмендеп келе жатқанға ұқсайды", - деді маман.

Бодрованың мәлімдеуінше, бағам бойынша жаңа аптаға арналған болжамға аса сақ болу қажет. "Доллар/теңге жұбы алдағы бес сауда күнінде 307,20-310,0 теңге аралығында болады. Бұл жерде аса қатты құбылушылықтың болу қаупі бар, "америкалыққа" жаһандық нарықта сұраныс көбейді. Евро/теңге 328,60-332,00 шеңберінде сатылады. Бұл жұп 2015 жылдың 6 қарашасынан бастап евровалютаның форекстегі әлсіздігі есебінен қысқа мерзімді бәсеңдейтін арнаға түсті. Рубль/теңге жұбы 4,10-4,65 шеңберінде сақталады", - деді спикер.

Еске сала кетейік, Ұлттық банктің және Ұлттық қордың алтынвалюта активтерін сақтау мақсатында Ұлттық банк 2015 жылғы 5 қарашадан бастап өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайту туралышешім қабылдады. Теңгенің айырбастау бағамының бұдан былайғы серпіні негізінен әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен айқындалатын факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети