09 ақпан 2015 16:42

Сарыағаш ауданында қоғамдық ахуал тұрақтанды - ОҚО әкімі аппараты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©qiyan.kz ©qiyan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қоғамдық ахуал тұрақтанды, барлық қызмет штат режимінде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында қоғамдық ахуал тұрақтанды, барлық қызмет штат режимінде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, Ынтымақ ауылының тұрғыны Б.Артықовтың тұрмыстық негізде болған өлімі бойынша қылмыстық істі тергеу жөнінде қолға алынған шаралар туралы ақпарат берді", - делінген хабарламада. 

Жергілікті атқарушы органдар прокуратура жұмысшыларымен бірге Артықовтың өлімінен кейін құқықтық тәртіпті бұған жастар арасында алдын алу шараларын жүргізген. Зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары оқу орындары мен қоғамдық орындарда тұрақтылықты қамтамасыз ету, заң талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында күш біріктіру керектігі туралы айтты. 

"Тәжік диаспорасы ақсақалдары мен жастары қайтыс болған адамның үйіне барып, оның туыстарына көңіл айтты. Қазіргі уақытта Сарыағаш ауданының ауылдарындағы ахуал толық тұрақтанды", - деп хабарлады облыс әкімі аппаратының өкілдері. 

Бұған дейін Қазақстан полициясы мен Өзбекстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің бірлескен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіруге күдікті адамның ұсталғаны хабарланған еді. Бостандық ауылының тұрғыны Н.Нарметов сол күні-ақ Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД тергеу изоляторында отыр. Қылмыстық істі тергеумен ҚР ІІМ жетекші қызметкерлерінен құрылған арнайы тергеу тобы айналысып жатыр. 

Еске салайық, 4 ақпан күні Сарыағаш ауданының Бостандық елді мекені маңынан Ынтымақ ауылы тұрғынының пышақ салынған денесі табылған еді. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін полиция оқиғаға күдіктіні анықтады. 5 ақпан күні қаза тапқан ер адамның ауылдастарынан тұратын бір топ жігіт күдікті тұратын ауылда тәртіпсіздік жасады, соның салдарынан бірнеше автокөлік өртеніп, аударып тасталды. Жақын маңдағы үйлерге зақым келді. Бұдан кейінгі бұзақылық әрекеттерді оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тоқтатты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети