23 тамыз 2019 11:35

"Сарыарқа" газ құбыры биыл елордаға дейін тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wikimedia.org © wikimedia.org

Ахметжан Есімов "Сарыарқа" магистральдық газ құбыры тасжолының 820 шақырымына барып қайтты. Газ құбырының құрылысы 2019 жылы қазан айында аяқталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап. 


Ахметжан Есімов "Сарыарқа" магистральдық газ құбыры тасжолының 820 шақырымына барып қайтты. Газ құбырының құрылысы 2019 жылы қазан айында аяқталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап. 

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасы құрылыс объектісіне оң баға беріп, құрылысты уақытылы аяқтауды, сондай-ақ газ құбырын іске қосу-жөндеу жұмыстарының өз мерзімінде бітуін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

"Қазіргі таңда газ құбырының құрылысы 75 пайызға аяқталған. Жалғау жұмыстары Қарағанды мен Ақмола облыстарында жүргізіліп жатыр. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен әкімдіктер құрылыстың желілік жағы тәмамдалғаннан кейін елді мекендер мен астананы газбен жабдықтауға кіріседі", - деді "АстанаГазҚМГ" АҚ Бас директоры Сағидулла Мақашев.

Айта кеейік, газ құбыры Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Ол Қазақстанның астанасын, елдің орталық және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуге арналған. Қор ауқымды жобаны қаржыландыруға қатысады, құрылыстың мердігері - "ҚазҚұрылысСервис" компаниясы, операторы - "Астана Газ ҚМГ" компаниясы.

"Сарыарқа" газ құбыры "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырынан бастау алады. Негізгі құрылыс жұмыстары 2019 жылдың соңына қарай аяқталатын болады. Пайдалануға енгізу 2020 жылы жоспарланып отыр. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1061 км, ол 1,7 миллион тұрғыны бар 171 елді мекенді қамтиды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети