10 қазан 2016 10:15

Сәтбаевта әкімдік алдында жайылған жылқылардың иесі айыппұл арқалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Асқар Қошанов © Асқар Қошанов

Сәтбаевта әкімдік алдында жайылған жылқылардың иесіне 43 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровқа сілтеме жасап. 


Сәтбаевта әкімдік алдында жайылған жылқылардың иесіне 43 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровқа сілтеме жасап. 

Еске салайық, Асқар Қошанов атты жергілікті тұрғын қала орталығында жайылып жүрген жылқылар туралы хабарлаған еді. "Сәтбаев ІІБ жергілікті полиция қызметінің өкілдері бұл видеоны тексерді. Іздестіру шараларының барысында жануарлардың иесі табылды. Ол қаланың 27 жастағы тұрғыны. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабының 1-бөлігі ("Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол келесі жолы жылқыларды қыстауда бағуға міндеттелді", - деп хабарлады Құдияров. 

Шағымданған ер адам мұндай жағдайдың алғашқы рет болып тұрмағанын, алайда ешқандай шара қолданылмағанын атап өткен еді. "Қала орталығындағы әкімдік терезесінің алдында және академик Сәтбаевтың ескерткіші маңында жылқылар жайылып жүр, оларды ешкім қарап та жүрген жоқ. Оның үстіне онда дәл әкімнің үстелінде орналасқан монитордан болып жатқанды көрсетіп тұратын камера тұр. Қымбат көгал екі ай бұрын ғана төселген", - дейді ол. Сонымен бірге, ол жылқылар жақын маңдағы үйден келген деп болжаған еді тұрғын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети