01 тамыз 2018 16:17

Сәулетшілер Алматыдағы жерасты өткелдерінің жөндеуден кейінгі кейпін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі © Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық әкімшілігінің өкілдері жерасты өткелдері жөндеуден өткен соң қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық әкімшілігінің өкілдері жерасты өткелдері жөндеуден өткен соң қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде қалада 56 жерасты өткелі бар, олардың 48-де жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін биыл бюджеттен 2,5 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінген. 

Суреттерге қарағанда, Наурызбай ауданындағы жерасты өткелдерінің бірінде ұлттық нақыштағы суреттер салынады. Сондай-ақ, онда бағыттар көрсетіледі.

Ал Түрксіб ауданындағы жерасты өткелдерінің қабырғаларынан таулардың суретін көруге болады.

Әкімдіктегілердің айтуынша, жерасты өткелдеріне видеобақылау камералары мен музыка қосып қоятын динамикалар орнатылады.

Ал Әуезов ауданындағы жерасты өткелінің өзінің ерекшелігі болады - онда табиғаттың көрінісі суреттелген.

Әкімдіктегілердің айтуынша, алдағы уақытты олар коммерциялық мақсаттарда жалға берілмейді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы полицейлері жерасты өткелдерінің жөндеуден өтіп жатуына байланысты жолдан қалай өту керектігін түсіндірген болатын. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жаяу жүргіншілер жол қозғалысы реттелген аумақтарда жолды реттеп тұрған адам берген сигналға немесе бағдаршамның түсіне қарап жүруі тиіс.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети