Сәуір айының басында суық ауа райы сақталып, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап
Сәуір айының басында суық ауа райы сақталып, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап
Синоптиктердің мәліметінще, елімізге арктикалық аумақтардан салқын әрі дымқыл ауа келіп жатыр. Осыған байланысты сәуір айының басында суық ауа райы сақталады.
"4-6 сәуір аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-6 градусқа төмен болады. Жауын-шашын мен қар аралас жаңбыр, тұман және көктайғақ болады. Тек батыс облыстарда 5-6 сәуір аралығында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі", - делінген хабарламада.
Астанада 4 сәуірде көшпелі бұлт, жауын-шашын мен көктайғақ болады. Түнгі уақытта ауа температурасы -4-6 градус болса, күндіз шамамен 0 градус болады.
Ал 5 сәуірде көшпелі бұлт сақталып, түнде және күндіз қар жауады. Солтүстік-батыс және батыс желі секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ал түнде ауа температурасы -8-10 градус болса, күндіз 0-2 градус суық болады.
6 сәуірде елордада жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, батыс және оңтүстік батыс желі секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы -6-8 градус, ал күндіз 1-3 градус жылы болады.
Алматыда 4 сәуірде көшпелі бұлт күтіледі. Түнде және күннің бірінші жартысында жауын-шашын мен тұман болады. Желдің күші секундына 0-5 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы 0-2 градус, ал түнде 6-8 градус жылы болады.
5 сәуірде Алматыда бұллты ауа райы болып, жауын-шашын мен тұман күтіледі. Ал 6 сәуірде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы әдеттегідей деңгейде болады.
Сәуірде ауа райы қандай болады?