Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Сәуірден бастап электр қуаты арзандайды

26 Наурыз 2015, 17:27
1
©lsm.kz
©lsm.kz

1 сәуірден бастап электр қуаты арзандайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, министрлік 1 сәуірден бастап электр қуатының құнын төмендетудің 2-кезеңін бастайды. Айта кетейік, 1-кезең 2015 жылы 7 наурызда жүргізілген болатын.

"Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-ның электр қуатының құнын бір киловатт-сағат үшін 8,80-нен 8,65 теңгеге дейін төмендетуіне байланысты, ҚР ҰЭМ Табиғи монополиялар реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық департаменттері энергия беруші ұйымдарының тарифтерін және электр қуатының түпкілікті құнын төмендету жұмысын жүргізді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "KEGOC" акционерлік қоғамының электр қуатын беруге арналған тарифі бір киловатт-сағат үшін 1,954-тен 1,943 теңгеге дейін немесе 0,011 теңгеге төмендеді. Министрліктің мәліметінше, өңірлік электр желілік компанияларының электр қуатын беру тарифтері бойынша: ең шамалы Қостанай облысында ("Межрегионэнерготранзит" ЖШС) - 1,736-дан 1,734 теңгеге дейін немесе 0,002 теңгеге арзандады. Ал ең көп Ақмола облысында ("Көкшетау Энерго" ЖШС) - 5,81-ден 5,77 теңгеге дейін немесе 0,04 теңгеге төмендеді.

Қазақстан бойынша электр қуатының қаншалықты арзандайтыны туралы толығырақ мына жерден көруге болады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай