01 маусым 2018 10:55

Саясаттанушы Қауіпсіздік кеңесінің Қазақстанда қандай маңызға ие болатыны туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz мұрағатынан © Тengrinews.kz мұрағатынан

Қауіпсіздік кеңесі саяси-басқару шешімдерін қабылдаудағы әсері Президент әкімшілігінен жоғары болмаса, кем түспек емес. ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) сарапшысы Оразғали Селтаев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қауіпсіздік кеңесі саяси-басқару шешімдерін қабылдаудағы әсері Президент әкімшілігінен жоғары болмаса, кем түспек емес. ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) сарапшысы Оразғали Селтаев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Саясаттанушының сөзінше, Қауіпсіздік кеңесімен Президент әкімшілігі біріге қызмет етуі мүмкін. 

"Бұл жерде нақты түсіну керек, Президент әкімшілігі - ол президент тапсырмаларының жүзеге асырылуына жетекшілік ететін және қадағалайтын орталық орган болса, Қауіпсіздік кеңесі елдің сыртқы және ішкі саясаты бойынша стратегиялық басымдықтарды таңдауға бағыт алады және оларды өзгерістерге қатысты реттейтін аппарат болмақ. Яғни, Қауіпсіздік кеңесі көбіне сараптамалық қызмет атқаратын болады. Ал сараптама, қауіптерді бағалау мен болжам жасау сапасын айтарлықтай арттыру қажет. Бұл Қауіпсіздік кеңесі жұмысының негізгі аспекті", - дейді Селтаев. 

Ол Қауіпсіздік кеңесінің соңғы отырысының шолуынан қазіргі таңда әлеуметтік даму, оның ішінде жастардың өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесі басты бағыт екенін көруге болатынын атап өтті. Осылайша, Қауіпсіздік кеңесі отырысының рөлі Қазақстанның сыртқы ғана емес, ішкі дамуының механизмі ретіндегі рөлі артады. 

"Ал Тұңғыш президенттің Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуіне қатысты айтсам, басты назарды осыған бұрмай, болашақтағы контурларға қатысты болжамдар қалыптастыруға тырысу керек. Геосаяси интерпретация деңгейінде ұзақ мерзімді болжам жасаудың қажеті жоқ, өйткені бұл саясаттанушылық және саяси комбинаторика қатарынан. Қазіргі таңдағы анық деректерге сүйену керек", - деп есептейді саясаттанушы. 

Селтаевтың ойынша, күтпеген жағдай болған жоқ және барлығы да саяси даму векторының арнасы мен логикасына сыйып отыр. Бұл президент институтының қазақстандық моделін нығайтудың келесі қадамы, нақты айтқанда мұның алдында заңнамалық тұрғыда бекітілген Тұңғыш президент факторының.

Екіншіден, маман Қауіпсіздік кеңесіне конституциялық статус беріліп, оның саяси рөлін трансформациялағаннан кейін билік жүйесінің ішкі тепе-теңдігі модификацияланады. 

"Жалпылай алғанда саяси жүйені тұрақтандыру үшін мемлекеттік институттардың әсері мен салмағын теңестіру маңызды, нағыз саясат орбитасына жаңа субьектілер енгізу керек. Сонымен қатар, билік конструкциясын осыған ұқсас мазмұнын басқа елдерден де көруге болады", - деп түйіндеді маман. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети