Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Саясаттанушы Қазақстандағы кадрлық тағайындауларға қатысты өз ойын айтты

03 Сәуір 2014, 20:53
0
Ерлан Қарин. Фото ortcom.kz сайтынан алынды
Ерлан Қарин. Фото ortcom.kz сайтынан алынды
Нұрлан Ниғматулин. Фото ©Тengrinews.kz
Нұрлан Ниғматулин. Фото ©Тengrinews.kz
Фото ©Reuters
Фото ©Reuters

Қазақстандағы кадрлық тағайындайлауларға қатысты саясаттанушы Ерлан Қарин Tengrinews.kz  тілшісіне өз пікірін айтты.

Президент әкімшілігінің жетекшісі боп тағайындалған Нұрлан Нығматулин, Қариннің айтуынша, Парламенттің төменгі палатасы спикері қызметін атқарған кезде өзін принципшіл және талапшыл басқарушы ретінде танытқан. "Оның Президент әкімшілігінің жетекшісі кандидатурасына таңдалып алынуы кездейсоқтық емес, өйткені бұл орынтаққа Елбасымен бұрыннан бірге жұмыс істейтін, Мемлекет басшысының жұмыс стилі мен амалдарымен жетік таныс адам келуі керек болатын" - дейді Қарин.

Саясаттанушы президент аппаратының жұмысы жинақы әрі нақты болады деп санайды. "Қазір Қазақстанның айналасындағы, сол секілді ел ішіндегі жағдай да құбылмалы болып тұр. Жаңа қауіп-қатер факторы, түрлі тәуекелдер бой көрсетеді, соған сәйкес жаңа міндеттер мен басымдықтар туындайды" - деді ол.

Ал кейбір сарапшылар Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің Мемлекеттік хатшы боп тағайындалуын сан-саққа жорып жатыр. Бірі "ол тыныш әрі мәртебелі қызметке барды" десе, тағы бірі "саяси шешім қабылдау процесіне тікелей қатысуға мүмкіндік беретін құзіретке ие болды" деп санайды. Ал Қарин "Мемлекеттік хатшы қызметіне кім келсе-дағы, әр кезеңде бұл қызметтегі тұлға әртүрлі функцияны атқарған болатын. Бұл қызметті Иманғали Тасмағамбетов атқарған кезде айрықша саяси салмаққа ие болды. Ол идеология, ақпараттық саясат, мәдениет, рухани даму сынды мәселелерге жетекшілік етті. Сол кісінің кезеңінде "Мәдени мұра" бағдарламасы бастама ретінде көтерілді" -  деді.

Сондай-ақ ол Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев боп тұрғанда, негізінен, сыртқы саясатқа басымдық берілгенін баса атап өтті. "Тоқаев та бір кездері Мемлекеттік хатшы болды, ол да сыртқы саясатқа айырықша көңіл бөлді. Ал Тәжиннің кезінде идеологиялық сипат күшейтілді. Жақсыбековтің келуімен бұл қызмет тағы қосымша функцияларға ие болады деп ойлаймын" - дейді саясаттанушы.

Қарин Жақсыбековті саяси "ауыр салмақтыларға" жатқызады. "Ол Президент әкімшілігі басшысы қызметін атқарған, Ресей секілді біздің еліміз үшін маңызды мемлекетте елші, содан кейін астананың әкімі болды. Жақсыбеков идеологиямен қатар, құрылып жатқан Еуразиялық одақ аясындағы мәселелерге жетекшілік ететін функциялармен қамтылады. Сондықтан бұл логикаға сай тағайындау деп санаймын" - дейді саясаттанушы.

Ерлан Қарин алдыңғы үкімет басшысы Серік Ахметовтің Қорғаныс министрі болуы секілді сценаридің кезінде қайталанғанын атап өтті. "Алдында оның фамилияласы Даниал Ахметов премьер-министрдің орынтағын Қорғаныс министрі лауазымына айырбастаған болатын. Бұл оның жоғары сенімге ие екенін айқындайды, өйткені қорғаныс министрі тікелей Мемлекет басшысына ғана бағынады. Серік Ахметовті үкімет басынан кетіргенімен Елбасы оған үлкен сенім артып, бүгінгі күні аса өзектілік танытып тұрған бағыттың тұтқасын қолына берді. Бүгін халықаралық күн тәртібінде де, сол секілді аймақтық қауіпсіздікте де әртүрлі мәселелер жан-жақтан қаумалап тұр. Бұл Украина, Қырым ғана емес, сонымен қатар әскер шығарып жатқан Ауғанстанмен де байланысты мәселелер" - дейді ол.

Сарапшы пікірінше, Ахметов аталған өзекті мәселелермен айналысып қана қоймай, сонымен қатар қорғаныс мүмкіндігін дамытуды үйлестіру, ұйымдастыру, техникалық жабдықтау секілді мәселелерге де жауапты болмақ. Қорғаныс министрі - басты қызметтің бірі" - деп санайды Қарин.

Еске сала кетелік, 2 сәуірде Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Кейіннен Елбасы Министрлер кабинеті басшысы қызметіне Президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын ұсынды. Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары бұл кандидатураны бірауыздан қолдап, дауыс берді. Президент әкімшілігінің жетекшісі болып Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Ниғматулин тағайындалды.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай